Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Боқтаймын, шаршаймын, ашуланамын": Назым Қызайбай ел естімеген шындығын айтты

18:40, 05 қазан 2025 210

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны, танымал спортшы Назым Қызайбай әлеуметтік желіде жанкүйерлеріне арнап әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.

Екі дүркін әлем чемпионы өз жазбасында спортшының да қарапайым адам екенін, мінсіз болу міндет емес екенін ашық айтты.

"Иә, мен спортшымын. Чемпион болуға, мықты болуға тырысамын. Адамдар мені тек жеңіс пен нәтижелер арқылы таниды. Бірақ мен тек медаль мен кубок емеспін. Мен – тірі жанмын. Кейде мен ашуланамын, кейде шаршаймын. Кейде мен боқтаймын немесе ешкімге ұнамайтын нәрселерді жасаймын. Бірақ бұл мені жаман етпейді. Бұл мені – адам етеді. Мен өзімді жақсы көруге, қателесуге, демалуға, тіпті ештеңе істегім келмеген сәттерге де құқылымын. Иә, мен спортшымын. Бірақ ең бастысы – мен тірі, шынайы адаммын. Ал мінсіз болмау – бұл да қалыпты", – деп жазды Назым Қызайбай.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар