Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Болат Назарбаевтың ұлына 103 500 теңге айыппұл салынды

10:43, 20 наурыз 2024 421

Астанада Болат Назарбаевтың ұлына заңсыз құрылыс салғаны үшін айыппұл салынды.

Болат Назарбаев пен Майра Құрманғалиеваның 22 жастағы ұлы Ханболат Назарбаев Астанадағы Тәуелсіздік даңғылындағы сауда және ойын-сауық орталығын заңсыз салғаны үшін айыппұл төледі. Бұрын ол жерде қонақүй мен ресторан болған.

Nege.Aqsha телеграм каналының хабарлауынша, жер телімі 2020 жылдың ақпан айында сыйға тарту шарты бойынша Ханболат Назарбаевқа туған күніне сыйлық ретінде берілген көрінеді. Ол тиісті рұқсатсыз немесе алдын ала ескертусіз кешенді бұзып, орнына сауда орталығын салуға кіріскен.

Нәтижесінде жер заңнамасын және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнаманы бұзғаны үшін Ханболат Назарбаевқа 103 500 теңге айыппұл салынып, заңсыз құрылысты алып тастау туралы үкім шығарды.

Еске салсақ, осыған дейін Болат Назарбаевтың тағы бір ұлы - Нұрбол Назарбаевтың Үшқоңыр үстіртіндегі жер телімдерін алу үшін Жер ресурстарын басқару басқармасын (ЖРБМ) сотқа беріп жатқаны хабарланған болатын. Прокуратура Алматы облысының Қарасай ауданында аталған жерлерді беру кезінде жіберілген заң бұзушылықтарды анықтады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар