Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Болашақта осындай балалар қоғамға зиянын тигізеді". Ұлт ұстазының бейнесін қорлаған оқушы жалпақ жұртты ашындырды

15:25, 21 қыркүйек 2024 1522

Әлеуметтік желіде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының бейнесіне қол жұмсап, оны құлатпақ болған оқушыға қатысты бейнекадр тарады, деп хабарлайды   Alash.kz ұлттық порталы. 

Бейнекадрда оқушы Ахмет Байтұрсынұлының бейнесін жұдырықтап, оны сындырады. 

Тараған бейнеге қатысты ресми ақпарат шыққан жоқ. Оқырмандар бұған қатысты шағым айтып жатыр: 

"Ал енді осындай балаларға ұрсып мазаласа мұғалімнің басы дауға қалады. Сосын мұғалімдер жәй ғана ескертіп қоя салады. Болашақта осындай балалар сосын қоғамға зиянын тигізетін болады", "Ата-анасына тіл тигізуден аулақпын. Бірақ балаға ұлт зиялылары туралы айтпақ түгіл, мектептің мүлігін бүлдіруге болмайтыны туралы ескертпеген екен", "Ұлы ұстаздың кім екенін мектептің мүлкін сындырмау туралы айтпады дейсің бе? Жоқ, үнемі айтылады. Әліппені қолға алғаннан бастап құлағына құямыз. Бірақ осындай санасыз, тексіз ұрпақ өсіп келеді. Қарының ашады. Біліп тұрып істейді ғой..." деп ашынды оқырмандар. 

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?