Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Боксшы Мұхтархан Ділдәбеков жаңа қызметке тағайындалды

15 ақпан 2024 124
Бокстан Сидней Олимпиадасының күміс медаль иегері Мұхтархан Ділдәбеков Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті атанды. 

Танымал боксшы Қазақстан бокс федерациясында бапкерлер штабымен жұмыс жөніндегі вице-президент қызметін атқарады.

Айта кетейік, 5 ақпанда Астанада Қазақстан бокс федерациясының жылдық дәстүрлі жиыны өтіп, федерацияның жаңа президенті болып Шахмұрат Мүтәліп сайланды. Ол бұл қызметте Кеңес Рақышевті алмастырды. Жаңадан сайланған президент Шахмұрат Мүтәліп ұлттық құраманың былғары қолғап шеберлерімен кездескен еді.

Фото: kfb.kz
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?