Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Боксшілерде мінез жоқ, қазақ боксі жыл сайын кері кетіп бара жатыр" - Аятжан Ахметжанұлы

18:23, 01 тамыз 2024 487
Ұстаз, қоғам белсендісі Аятжан Ахметжанұлы қазақ боксінің соқталы мәселесін ашып айтып, кем-кетісін көрсетті. Қазіргі спортшыларды сынға алып, олардың мінезсіз екенін айтты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
 
Ұстаз, қоғам белсендісі Аятжан Ахметжанұлы қазақ боксінің соқталы мәселесін ашып айтты: 
Бүгінгі бокстің кері кетіп бара жатқанын, сылбырап жүргеніне қарап, қазақ боксінің дәурендеп тұрған кезін еске аласың.
 
Кезіндегі 2008 дегі Бақыт Сәрсекбаевтың Бейжіңдегі мінезді боксін сағынасың. Әлі есімде жартылай финальда Қанат Ислам жеңілген Кубалықтың қарқыны тым қатты болды.
 
Финалда Бақытпен шығатын кезде жеңеді деген сенім аздау болды. Бірақ, Бақыт шыны керек Кубалықты қуалап жүріп сабады. Кубаның жұлдыз боксшысы Карлос Сураестi ойнап жүрiп ұтты.
 
Ал, қазір сондай алаңда атой сап жүрген боксті көре алмайсың. Мінез жоқ.
Токиодан қоладан өзгеге қол жетпегеннен бері бокстегі кері кетуді көп адам айтып келеді, бірақ, одан сайын құлдырауда.
 
Қарапайым біз секілді біреу сын айтса, келіспейтін жан көп қой, әрине. Кәсіби маман емеспіз.
Бірақ, бүгінгі жеңілістен кейін сол чемпион, бокстің кәсіби маманы Бахыт Сарсекбаевта жарылыпты. Ашыныпты. Ашынатындай деңгей боп жатыр. Сөздеріне 100% келісем.
 
Сонымен қатар, қоғам белсендісі қазақ қоғамындағы олқылықты да тілге тиек етті: 
 
Жалпы біздің тұтас сала мінезден ажырап барады. Сын айтқан адамның сынын түзетумен емес, айтқан адаммен күресіп кетеді де, барлық саладан мінезді қауым қуылып, жоғалып, жалтақой, жағымпаздық жайлап, жемқорлыққа белшесінен батты. Ал, оның соңы міне осылай көрінеді. Бұл тек спорттағы емес, еліміздегі тұтас саладағы көрніс. Тек бәрлық сала алаңдағы бәсекеде болмағасын тек спортқа шок алып отырмыз. Әйтпесе тұтас сала солай кетіп барады… - деді автор.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар