Қазақстандық даңқты боксшы Геннадий Головкин World Boxing ұйымына президент болып сайланған соң әлеуметтік желіде қолдағандағандарға алғысын айтып, пост жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.
Маған World Boxing ұйымын басқару сияқты үлкен жауапкершілік жүктелді. Бұл мен үшін үлкен мәртебе.
Қазір әлемнің түкпір-түкпірінен құттықтаулар келіп жатыр және олардың әрқайсысы мен үшін ерекше қымбат.
Мен жолымды әуесқой рингтен бастап, Олимпиада ойындарына, әлем чемпионы атағына және табысты кәсіпқой мансапқа дейін жеттім.
Туған еліме және әрбір қазақстандыққа көрсеткен қолдаулары үшін алғысымды білдіремін.
Бүгін мен жаңа кезеңге қадам басып, бокстың болашағы үшін қызмет етуге бел будым.
Алдымызда тұрған басты мақсат — осы спорт түріне деген сенімді қайтару және оның Олимпиадалық бағдарламада берік сақталуын қамтамасыз ету.
Біз тәуелсіз әрі Олимпиадалық құндылықтарға адал боламыз.
Жаңа қызметке жер-жерден құттықтаулар легі толастар емес:
Қазақтың мақтанышы! Әлем мойындайтын тұлға!
Құтты болсын, аңыз адам!
Жер жүзіндегі ең мықты спортшысың! Жасай бер!