Атырау облысы, Құлсары қаласындағы мектеп ауласында алаңдататын жағдай орын алды. Жеті жасар қыз бен тоғыз жасар ер бала ойнап жүрген жерінде бөгде ер адам олардың жанына жақындап, құшақтап, сүюге әрекет жасаған, деп хабарлайды Alash.KZ.
Екі баланың бақытына орай жерде жақын жүрген әйел осы оқиғаға араласқан. Ол балалардан ер адамды танитынын сұраған. Бұл азаматтың бөгде біреу екеніне көзі жеткен әйел балаларды қауіпсіз жерге жеткізу үшін жолдан өткен көлікке отырғызып, жүргізушіден дереу қауіпсіз жерге жеткізуді өтінген.
Балалар дереу ата-аналарына тапсырылған. Артынша, полиция күдіктіні ұстады. Ол - 1985 жылы туған азамат.
Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті - II топтағы мүгедек. Қазір қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу жүргізілуде, ал күдіктіні мамандандырылған емдеу мекемесіне жатқызу мәселесі қаралуда.