Қазақстандық бизнесмен Қайрат Боранбаевтың ұсталғаны хабарлады. Бұл туралы ҚазТАГ пен Vlast.kz сайты хабарлады.
ҚазТАГ Боранбаевты қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері ұстап, тергеу изоляторына қамағанын жазды. Ал Vlast.kz сайтының дерегінше. Боранбаевты Алматы қаласы қаржы мониторинг департаменті жауап алған.
Ресми органдар әзірге бұл ақпаратты растамады да, жоққа да шығарған жоқ.
Қайрат Боранбаев - елдің экс-президенті Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы. Боранбаевтың қызы Алима Боранбаева Дариғаның ұлы Айсұлтан Назарбаевқа (2020 жылы қайтыс болған) тұрмысқа шыққан. Кейін Айсұлтан мен Алиманың ажырасып кеткен.
Боранбаев Forbes Kazakhstan рейтингі бойынша, Қазақстандағы ең бай елу бизнесменнің қатарына кіреді. Байлығы – 519 миллион доллар. Ол 2000-2002 жылдары "ҚазТрансГаз" компаниясының атқарушы директоры және "Intergas Central Asia" коммерциялық директоры, 2006-2014 жылдары "ҚазРосГаз" компаниясының бас директоры болды.
Боранбаев – Алматының "Қайрат" футбол командасының иесі. Fitnation фитнес клубының, "Рахат Палас", Comfort Hotel Astana қонақ үйлерінің иесі, Esentai Mall, Esentai Tower бизнес орталығын, "Алмалы" сауда орталығын, Латвиядағы Jurmala Golf Club & Hotel қонақүйін серіктесімен бөлісіп басқарады. McDonalds тамақтану орнының Қазақстандағы және Ресейдегі франчайзинг иесі.
Оның Британия, Чехия, Ресейде қымбат үйлері бары да белгілі болған.
Боранбаев Қарағандыдағы фармацевтикалық кешенін де бақылайды. Қазақстан билігі "Спутник V" екпесін Қарағанды фармкешенінде шығару үшін 15 миллиард 175 мың теңге бөлген.