Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бізге Ресейге қарсы жұмыс жүргізуге көмек көрсетсін". Трамп Қытайдың Америкаға көмектескені жөн деп айтты

"Бізге Ресейге қарсы жұмыс жүргізуге көмек көрсетсін". Трамп Қытайдың Америкаға көмектескені жөн деп айтты

Трамп Қытайға қарата сөз айтып, Ресейге қарсы санкция салу қадамы бойынша болысуға шақырды, деп хабарлайды Alash.kz.

- Мен Қытайдың Ресейге қатысты бізге көмектескенін қалаймын. Біз Ресейге қарсы өте ауыр санкциялар енгіздік. Менің ойымша, бұл санкциялар өте ауыр болады. Олар өте күшті. Бірақ мен Қытайдың көмегін көргім келеді, - деді.

Сонымен қатар Трамп Америка мен Қытайдың ортақ мүдде жолында табысар шағы келгенін жеткізді: 

- Қытаймен жақсы мәмілелер жасаймыз деп ойлаймын. Біз талқылайтын тақырыптардың бірі Ресей мен Украина болмақ... Путин бұл санкциялар Ресейге қатты әсер етпейді деп айтады. Мен олай ойламаймын. Не болатынын көрейік, - деді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар