Қазақстан боксшылары мықты болғаны – өзбек боксшыларына пайдалы. Бокстан Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Тулкин Киличев Sports.kz сайтына берген сұхбатында осылай деді, деп хабарлайды Alash.KZ.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасында Өзбекстан боксшылары жеті салмақтың бесеуінде алтын алса, қазақстандықтардан бірде-бірі чемпион бола алмады.
«Мен қазақ боксшылары мен бапкерлеріне ешқандай кеңес айта алмаймын. Қазақстанда менен де тәжірибелі бапкерлер жетіп артылады. Мен үнемі Қазақстанға мықты құрама тілеймін. Бәсекелестік жоғары болу үшін бізге қазақ боксшыларының мықты болғаны керек. Тек жоғары бәсекелестік болғанда ғана біз жақсы нәтиже көрсетеміз», - деді Т.Киличев.
Еске салайық, Париж Олимпиадасынан кейін бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов пен құрамадағы өзге бапкерлердің бәрі отставкаға кетті. Бас бапкер болып Қайрат Сәтжанов тағайындалды.
Бізге қазақ боксшыларының мықты болғаны керек - Өзбекстанның бас бапкері
«Анасын балағаттағаны үшін»: Әйелді өлтіріп, өртеп жіберген павлодарлық сотталды
17:46, 12 қараша 2026
«Әкесін көріп те алуға болады екен»: Төреғали Төреәлі ел күтпеген пікір білдірді (ВИДЕО)
17:30, 12 қараша 2026
«Мыңқ етпейсің, қабылдап аласың да…»: Рүстем Жаныаманов әсерлі жазба жариялады (ФОТО)
17:03, 12 қараша 2026
Кәмелетке толмаған қызды топ болып зорлаған: Қарағанды облысында бес жасөспірім сотталды
15:04, 12 қараша 2026
«Допинг ережесін екі рет бұзған»: Қазақстандық Зейнеп Оразхан спорттан шеттетілді
09:48, 12 қараша 2026
«Үсіп өлген?»: Абай облысында жоғалған адам 7 күннен соң даладан табылды (ВИДЕО)
09:13, 12 қараша 2026
Декларация қабылданды: Мәскеуде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті
22:00, 11 қараша 2026