Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бізге өзге тілді, өзге жүзді адамның алтын әпергенінен гөрі Әбибаның сағы сынбағаны маңызды" - қоғам белсендісі

12:05, 11 тамыз 2024 174

Қоғам белсендісі, TAUEKEL ұйымының жетекшісі Бурахан Дақанов Kia Ceed көлігін мінген спортшы Әбиба Әбужақынованың құрметі мен қуанышына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Мәжіліс депутаты, кәсіпкер Айдарбек Қожаназаров Париж Олимпиадасының қатысушысы дзюдо балуаны Әбиба Әбужақынованы Астанада күтіп алды. Ел құрметіне бөленген спортшыны құрметтеп, су жаңа көлік мінгізді. Бұған қатысты Қоғам белсендісі, TAUEKEL ұйымының жетекшісі Бурахан Дақанов пікір білдірді:

Кеше осы фбда, Әбиба 5 ші орын алды, неге оған көлік беріп жатыр? Басқа спорттардан күміс, қола алып жатқандар бар ғой, неге Қазақ қоғамы бұған екі түрлі қарады деп жатыр. Соған жауаптың бірі міне(видео). Әбиба біз үшін жәй ғана палуан немесе спортшы емес, ол ұлтым деген, тілім деген Ер!!!! Біз үшін, өзге тілді, өзге жүзді, өзге дүниетанымы бар адамның алтын әпергенінен көрі осы бір өз баламыздың сағы сынбағаны маңыздырақ!! Сол себепті Әбиба мұданда артық сый сияпаттарға лайық деп ойлаймын! Жарайсың Әбиба! Біз сені сыйлаймыз, біз сені жақсы көреміз!

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар