Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бізге одолжение жасамаңыздар: Құлсары халқының талабы мен ашуы әлі де басылар емес

17:10, 16 мамыр 2024 466

"Ақша қолға берілсін",  "Үйдің шаршы метрін нарық бағасы 400 мың теңгемен бағалансын" деген ұрандарды қолдарына алып шыққан құлсарылықтар түнді әкімдік ғимараты жанында өткізді.  Түнгі 01.30. Жаңбыр жауып, түн суық. Наразы топтар аудандық әкімшілік ғимаратының ішінде, сыртында тұрды. Бұл туралы жергілікті АқЖайық басылымы жазды. 

Әскерилер мен полиция наразылық топтарды сырттай бақылаумен болды.  Наразы халықтың алдына облыстық мәслихатының төрағасы Муса ХАЙРУЛЛИН шығып өзін таныстырып: 

Мен су тасқыны кезінде сіздермен бір ай бірге болдым. Жоғарғы жаққа талаптарыңызды жеткіздім... Бірақ шаршы метр 400 мың теңге болмайды. Бір сағат ойланып, ақылдасуға мүмкіндік береміз. Сабыр сақтайық, - деді ол.

1,5 сағаттан кейін көпшілік алдына облыс әкімнің орынбасары Жасұлан БИСЕМБИВ шықты.  

- Біз ақылдаса келе үйдің шаршы метрін 200-240 мың теңгемен бағалаймыз деп шештік. Қазақстанда баға солай, ағайын, түсініңіздер. Одан артық болмайды. Мәселен, 200 шаршы метр үйіңіз болса, 40 млн теңге аласыз. Бағалау қорытындысын бастадық, енді осылай жалғаса береді, -деді ол.  

Бірақ оған жиналғандар көнбеді, наразы үнмен шулап қоя берді.

- Бағалау нәтижесін алдым. Үйімді 12 млн теңгеге бағалапты, оған үй сала да, сатып та ала алмаймын, - деді қала тұрғындарының бірі.

- Бізге одолжение жасамаңыздар!

Наразылық жалғасуда. Естеріңізге түсірсек, көктемгі қарғын суынан 2900 адам және жүздеген коммерциялық нысандар бүлінген болатын.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар