Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова енесі, продюсер Гүлзира Айдарбековаға соңғы үлгідегі iPhone телефонын сыйға тартып, тосынсый жасады, деп хабарлайды Alash.kz.
Қайрат Нұртастың анасы келінінің бағалы сыйлығына ерекше қуанып, әлеуметтік желідегі парақшасында ақжарма тілегін білдірді. Гүлзира Айдарбекова Жұлдыздың әрбір сыйлығын ерекше бағалайтынын және бұл күтпеген қуаныш көңілінен толықтай шыққанын жеткізді.
«Доча 01 деп келін болып түскенде кличкасы етіп атаушы едік, папасы екеуіміз. Қызымыздай болса деп армандаған біздің үйдің Жұлдызы. Қандай сыйлық берсе де көзімнің нұрындай сақтаушы едім, ал мына сыйлығы ойымнан әбден шықты, енді қолымнан түспейтін болады. 19 айфон шыққанша, оны да өзі реттеп қоятынына сенімдімін, бұйыртса!» — деп жазды Гүлзира Айдарбекова.