Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бізді жұмысқа алсын»: Құлсарыда жұмыссыз азаматтар наразылық білдірді (Видео)

12:50, 14 ақпан 2025 706

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында жұмыссыз азаматтар өздерінің әлеуметтік мәселелерін көтеріп, билік өкілдеріне наразылық білдірді, деп жазады Alash.KZ.

Жұмыссыздық деңгейінің жоғарылағаны, азаматтардың жәрдемақыға қарап қалғаны, 6 алты айдан кейін ол да аяқталатыны туралы тұрғындардың шағымдары тыңдалды.

Олар жергілікті компаниялардан жұмыс орындарын талап етті. Азаматтар бұл шараны ешқандай митинг немесе арандатушылық деп санамайды, тек өздерінің жағдайын жеткізу үшін жиналғандарын айтты.

“БҰЛ ЕШҚАНДАЙ МИТИНГ ЕМЕС”

Құлсарылықтардың билік өкілдеріне айтқан талабы түсірілген бір емес, бірнеше видео жергілікті пабликтерге тарап кетті.

"Жұмыссыздыққа байланысты жиналып жатырмыз. Өйткені қазір жұмыссыздық белең алып кетті. Іске жарамды азаматтар қазір жәрдемақыға қарап қалды. Алты айдан кейін ол да бітеді. Содан кейін не істейміз? Біздің талап – 14-14 күндік жергілікті компаниялар жұртты жұмыспен қамту керек. Қазір бізді қысқартып жатыр. Тек осындай талаппен әңгімемізді естісін деп келіп отырмыз. Бұл ешқандай митинг емес. Ешқандай арандату жоқ. Осындай жұмыссыз адамдар бар екенін көрсеткіміз келіп тұр", – дейді тұрғындардың бірі.

Жиналған азаматтардың алдына билік өкілдерінен адамдар келген. Бірер полиция қызметкері де байқалады. Жұмыссыз азаматтар Еңбек.кз арқылы жұмысқа тұрыңдар деген соң, сол арқылы тіркеліп, екі қолға бір күрек таппақ болған. Бірақ “одан да қайыр болмады” дейді.

Вакансиялар жәрмеңкесі деген болады. Қаншамасы өтті. Бірде-бірі жұмысқа ала қойған жоқ. Сіздерге айтуға оңай. Бюджеттен ақша алып отырсыздар. Бес балам бар. Сіздің айлығыңыз қанша? 300 мың теңге ме? Бізде ондай жоқ, – дейді тағы бір азамат билік өкіліне қарата.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар