Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бізден үйіміздің жаны мен күнін тартып алды": Салтанат Нүкенованың анасы жазба жариялады

10:02, 23 қыркүйек 2024 2071

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қайтыс болған Салтанат Нүкенованың анасы қызына арналған жазба жариялады, - деп хабарлайды Alash.KZ Tengrinews.kz материалына сүйеніп.

Еске салайық, Салтанат Нүкенова күйеуі экс-министр Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан болатын.

Салтанат Нүкенованың анасы қызына арналған жантебірентерлік жазбасында көпшіліктің қолдауына алғысын білдірді.

"Мен осы айлар бойы қызымның есімімен ұйықтап, оянып жүрмін. Салта әрқашанда менің ойымда және денемнің әр бөлшегінде өмір сүріп жатыр. Бізден үйіміздің жаны мен күнін тартып алды. Кеудедегі ауырлық қалған өмірімнің соңына дейін қала бермек. Астанада балаларынан айырылып қалған аналармен болған кездесуден соң менің Салтамның жаны жәннатта екеніне тағы да көзім жетті. Жеп-жеңіл көйлек киген ол әкесі және маған, ағасына ары қарай да өмір сүруімізге сол жақтан көмектесіп тұрады. Кездесулерде адамдар қасыма келіп құшақтап, біздің отбасымызды және Салтаны жақсы көретіндерін айтады. Сіздердің қолдауларыңызға алғысымды білдіремін. Әлі күнге дейін қолдап келесіздер", - деп жазды анасы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар