Кәсіпкер әрі ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев бірқатар активі тәркіленгеннен кейін қалай өмір сүріп жатқаны туралы айтып, алғаш рет бұқаралық ақпарат құралдарын пікір білдірді.Бұл туралы alash.kz хабарлады.
Журналистер кәсіпкердің бірқатар активі тәркіленгеннен кейін қандай қаражатқа өмір сүріп жатқанын сұрағанда ол күлімсіреп тұрып былай деді:
«Қайрат» футбол клубы қалай жұмыс істеп тұр? Бұл – жалғыз жеке клуб. Иә, жарнама мен демеуші компаниялардың есебінен. Барлық компания жұмысын жалғастырып жатыр. Шынымды айтсам, компанияларға жұмыс істеуге рұқсат берілгеніне рақмет айтамын. Біздің холдинг – басқарушы компания. Біздегі бизнестің бәрі жұмыс істеп тұр. Иә, мәселелер бар, бұл қалыпты жағдай, себебі барлығында проблема бар деп ойлаймын», – деді Қайрат Боранбаев.