Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бізде ешкім заңмен қорғалмаған". Талғардағы жасөспірім өліміне қатысты депутаттар мен әншілер пікір білдірді

15:57, 09 қазан 2024 1006

Талғардағы оқиғаға қатысты депутат Айдарбек Ходжаназаров және бірқатар өнер жұлдыздары пікір білдіріп, соттың әділ өтуін талап етті, деп Alash.kz ұлттық порталы хабарлады.

Депутат Айдарбек Ходжаназаров Талғардағы 16 жастағы баланың өліміне қатысты пікір білдірді:

Ең алдымен жас баланың өліміне әкелген оқиғаның барлық қатысушысы анықталуы керек. Ақпарат БАҚ өкілдеріне ашық берілсін. Жасыратын не бар? Тергеу жұмыстары жалғаса берер, ол түсінікті. Баланың туыстарының сөзіне қарағанда, қылмысқа қатысқан адам саны әлдеқайда көп.

Екіншіден, кінәлілер түгел қатаң түрде жазалануға лайық. Бұл оқиғада бір емес, бірнеше қылмыс түрі анық көрініс тапқан. Үшінші, сол түні адам өлтірген жігіттердің жанында қыздар да бірге жүрген. Егер осы рас болса, егер олар қамауда отырса, ол ақпарат та елге ашық айтылсын.

Шерзаттың әкесі айтқандай, дүкенде жұмыс істеп тұрған камерадағы материал өшіп кеткен. Бұл жағдайға қатысы бар адамдар да анықталуы керек. Мансабы мен атақ-беделіне қарамастан кез-келген азамат заң алдында бірдей! - деді депутат. 

Өнер жұлдыздары да қылмысқа қатысы бар күдіктілердің жартысы бостандықта жүргеніне наразылық білдіріп жатыр: 

"Қылмыскерлер бір бөтелке алкоголь үшін адамды өлтірді. Біз әділ сотты талап етеміз", - деп жазды Тәуекел Мүслім.

Әнші Мадина Сәдуақасова да мектеп оқушысына 20-ға жуық жастың шабуыл жасағанын біліп, наразылығын білдірді.

"Залымдар! 16 жастағы балаға 15-20 адам шабуыл жасап, ата-анасының көзінше ұрып-соғып, пышақтап өлтірді. Алла сізді жазаласын", - деп атап өтті әнші.

Белгілі тележүргізуші Тимур Балымбетов бейнеөтініш жазып, біздің елімізде бірде-бір азамат заңмен қорғалмағанын атап өтті.

"Менің сөзім жоқ. Талғарда болған оқиға біздің елімізде бірде-бір бала мен бірде-бір азамат заңмен қорғалмағанын көрсетеді", - деді ол әлеуметтік желіде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар