Песков Ресейдің мигранттарға мұқтаж екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
"Ресей елге еңбек мигранттарының келуін құптайды. Олар мемлекеттің қарқынды дамуы үшін қажет", - деді Кремль өкілі Дмитрий Песков РИА Новостиге берген сұхбатында.
"Мигранттар - қажеттілігіміз. Мәселе мынада, бізде демографиялық жағдай қатты шиеленісті. Біз әлемдегі ең үлкен елде тұрамыз, бірақ халқымыз аз", — деді Песков.
Мәскеудегі "Крокус Сити Холл" ғимаратында болған шабуылдан кейін Ресейдегі көші-қон саясаты дағдарысқа түсті, талаптарды күшейту толқыны басталды. Бірқатар өңірлер мигранттардың кей салалардағы жұмысын шектеді. Күзде Мемлекеттік Дума заңсыз көші-қонды ұйымдастырғандарды жазалауды қатаңдататын заң жобаларын қабылдады.