Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Биыл Алматыда студенттерге арналған 10 жатақхана ашылады

14:58, 26 мамыр 2023 219
Алматылық студенттердің жатахана жетіспеушілігі өзекті мәселелердің бірі болатын. Тіпті мемлекет басшысының өзі бірнеше рет тілге тиек еткен мәселе қазір шешімін тауып келеді. Мәселен жатақхана тапшылығы 55 мың орынды құрайтын Алмты қаласында биыл  студенттерге арналған 10 жатақхана ашылады.

Оның үшеуі жаңадан салынса, қалған жетеуі пайдалану мақсатын өзгерте алатын бизнес ғимараттар болады. Алматы қаласында былтыр жатахана жетіспеушілігі 87 мыңға дейін жеткен еді. Білім алуға келген студенттердің тұратын жер таппай, сандалғаны да рас.Қазіргі таңда студенті көп Алматыда нысандар салу және бизнес орталықтары мен қонақ үйлерді, хостелдерді жатақханаға айналдыру жобасы жүзеге асуда.

– Министрліктің «Қаржы» орталығымен келісімі бойынша жатақхана салуға дайын құрылыс компанияларына 230 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтемақы төленеді. Нысанды қайта құрудың тағы бір схемасын қарастырып қойдық. Кәсіпкерлерге де жеке ғимараттарды студенттер үйі ретінде қолдануға берген тиімді. Оған да қаражат қарастырылған. Менің ойымша, бұл – орын тапшылығы мәселесін жылдам шешудің оңтайлы жолы, – деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек

Бүгінде Алматыдағы университеттерде жалпы 188 мыңнан астам студент бар. Соның 23 мыңы республиканың өзге өңірінен келген.

– Алматыдағы 35 жоғары оқу орнында жалпы 96 жатақхана бар. Қазір онда 30 мың студент тұрады. Мәліметке сүйенсек, төсек-орын тапшылығы 32 мыңды құрайды, – деді Жастар саясаты басқармасының басшысы Қайыржан Меңдіғалиев.

Алматыда жатақхана құрылысына қатысты жобалық кеңсе де құрылған. Онда кәсіпкерлер мен оқу орындарының қызметкерлері министрліктен немесе әкімдік өкілдерінен кеңес ала алады. Мамандардың ойынша, бұл бастамалар жатақхана тапшылығы мәселесін 2025 жылға дейін шешуге ықпал етеді. Демек алдағы уақыта қаладағы жатааа жетіспеушілігі мәселесі толық шешілмек.

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар