Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоған Бішкекке жасаған сапары кезінде жол бойында Түркияның жалауларын ұстаған балаларды көріп, кортежін тоқтатуды сұрады, деп жазады Alash.KZ.
Түркия президенті балаларға сәлем беріп, оларға ақша сыйлады. Балалар Ердоғанның жомарттығына қуанып, жылы лебіздерін білдірді.
Еске сала кетейік, кеше 5 қарашада Түркия президенті Ердоған Қырғызстанға мемлекеттік сапары барысында Садыр Жапаровқа Түркияда өндірілген TOGG электромобилін сыйға тартқан болатын.
TOGG Түркияның Бурса аймағында шығарылады. Электрокардың құны $28 мың доллардан басталады. Негізгі жабдықтары қамтылған кроссовердің моторында 204 аттың күші бар. Қымбат нұсқаларында қосымша күш құрылғылары орнатылған.
Есесіне, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Түркия басшысы Реджеп Тайып Ердоғанға арнайы жылқы тарту етіп, астына жирен қасқа ат мінгізді.
Осы жолғы сапарында Түркия Қырғызстанның 62,3 млн доллар сыртқы қарызын кешірді.