Кәсіпкер Тәжіғали Елеуов жылқы ұрлығына қатысты дауда өз нұсқасын айтып, Руслан Өтепбайдың мәлімдемесін сынға алды, деп хабарлайды Alash.kz.
Рахат Сәрсеновке «жылқыларымды ұрлады» деп айып таққан кәсіпкер заңгер Айгүл Орынбекке берген сұхбатында бұл мәселенің біржақты талқыланып жатқанына наразылығын білдірді. Ол қарсы тараптың сөзіне сеніп, асығыс қорытынды шығарғандарды айыптады.
«Мен білімсізбін, сауатым жоқ деп отыр. Бірақ ол жақсы біледі, орысша да сөйлейді. Руслан Өтепбай тек Рахат жақты тыңдап, біржақты мәлімдеме жасады. 2016 жылдары оларға орталықтан үй алып бердім. Сол кезде Рахаттың Валя деген аспазы болды. Артынан екеуінің көңілдес болғаны айтылды. Рахаттың балалары менен жылқының қайда кеткенін сұрайды. Мен қайдан білемін, әкелерінен сұрасын. Ал сол Валя аспаздың ақшасымен қаладан үй салды. Түсініксіз мәселе өте көп», — деді Тәжіғали Елеуов.
Кәсіпкердің сөзінше, даудың ақиқатына жету үшін оқиғаның екі жағын да теңдей тыңдап, фактілерге сүйену қажет.