Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бірінші мен кетемін, екінші Есмұқан, сен кетесің, үшінші..." - Марқұм Асанәлі Әшімов Обаевтың өлімін болжап кеткен

17:44, 17 сәуір 2026
 

ҚР Мәдениет саласының үздігі Нұрхан Кәдірбаев күні бүгін ғана Алматы жұрты ақтық сапарға шығарып салған театр актері Есмұхан Обаев туралы жазба жариялап, оқырмандарға ой салып қойды, - деп жазады Alash.KZ 

Ол марқұм Асанәлі Әшімовтің айтқан сөзін бөлісті.

"Асаналі Әшімовтың жиі айтатын сөзі бар екен: Бірінші мен кетемін, екінші Есмұқан сен кетесің, үшінші болып Сәбит (Оразбаев) кетеді.

Асағаның қайғысын жеңіп үлгермеген қазақ өнері қайта қара жамылды.

“Жасы ұлғайды, өмірде көп нәрсені көрді” дегеннің өзінде, төрің сиреп бара жатса қабырғаң қайысады екен. Есаға менің ұстазым, бүгін топырақ салуға бара алмадым. Өйткені осы ұстазымнан алған білімімді халыққа паш ететін күн. Бақұл болыңыз, Есаға! Бүгінгі кешімді сіздің рухыңызға арнаймын!", - деді ол. 

Айта кетейік, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Есмұхан Обаев 85 жасқа қараған шағында дүние салды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар