Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Бірінен кейін бірі асылып қалған!”: Жасөспірімдердің жұмбақ өлімі жан түршіктірді

16:38, 04 шілде 2025 320

Атырауда араға күн салмай екі жасөспірім суициді тіркелді. Қайғылы оқиғалар қаладағы Геолог шағынауданында орын алған, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

“Криминальный Казахстан” Telegram арнасының мәліметінше, 2 шілде күні 16 жастағы ұл баланың, ал келесі күні, 15 жастағы қыздың мәйіті табылған. Бір шағынауданда орын алған екі оқиға да жасөспірімдердің асылып қалуымен аяқталған. 

Атырау облыстық полиция департаменті суицид фактілерін растады. Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, 2009 және 2010 жылы туған екі жасөспірімнің өлімі бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу») аясында іс қозғалды.

Мектеп оқушыларының жас ғұмырын үзулеріне ненің түрткі болғаны әзірге белгісіз. Қазіргі уақытта куәгерлерден жауап алу, жасөспірімдердің қоршаған ортасын зерттеу және психологиялық ахуалды сараптау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары болған жайттың барлық мән-жайын анықтауға күш салып отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар