Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бірге болғаннан гөрі, бір-біріңді жіберген дұрыс»: Айдана Меденова астарлы жазба қалдырды (ФОТО)

17:24, 08 шілде 2026

КешYOU тобының бұрынғы солисі, белгілі әнші Айдана Меденованың әлеуметтік желідегі соңғы жазбасы ел назарына ілікті, деп хабарлайды Alash.kz.

Желі қолданушылары өнер иесінің Instagram парақшасында жариялаған ерекше мәлімдемесіне бірден назар аударған. Көпшіліктің қызу талқысына түскен бұл жазбада әнші астарлы ой тастап, былай деп жазған:

«Кейде бірге болғаннан гөрі, бір-біріңді жіберген дұрыс».

Осы оқиғадан кейін оқырмандар Айдана Меденова мен оның жұбайы, танымал продюсер Әлішер Нұржановтың қарым-қатынасында түсініспеушілік бар деген болжам жасай бастады. Сондай-ақ әлеуметтік желіні жіті бақылап отыратын қауым ерлі-зайыптылардың қазіргі уақытта Instagram желісінде бір-біріне жазылуды (подписканы) тоқтатқанын және әншінің жеке парақшасынан күйеуімен бірге түскен барлық бірлескен фотосуреттердің өшіріліп тасталғанын байқап үлгерген. Соған қарамастан, бүгінгі таңда Айдана Меденова да, Әлішер Нұржанов та тарап жатқан осы қауесеттерге байланысты қандай да бір ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар