Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Біреуді өлтіріп қойсам ше?». Қол-басы қан-жоса болған ер адам сұлулық салонына баса-көктеп кіріп, қызметкерлерге сес көрсеткен

19:16, 25 сәуір 2026

Алматыда қолы қанға боялған ер адам сұлулық салонына кіріп, қызметкерлерді шошытқан. Бұл туралы Alash.KZ хабарлады.

Заңгер Анна Чернованың мәліметінше, белгісіз ер адам салонға кіріп, ресепшн қызметкерінен әжетхананың қайда екенін талап еткен. Әкімші оны сыртқа шығуын өтінген кезде, ол «біреуді өлтіріп қойсам ше?» деп қорқытуға тырысқан.

Қорыққан қызметкер ер адамға жуынатын бөлмені көрсеткен. Ол ішке кіріп, жуынып шыққан соң салоннан шығып кеткен. Оқиғадан кейін қызметкер бірден «102» нөміріне хабар берген. Бейнебақылау жазбаларынан ер адамның қолында газ кілті болғаны анық көрінеді.

Алматы қалалық Полиция департаменті күдіктінің жеке басы анықталып, жедел түрде ұсталғанын мәлімдеді. Алдын ала деректерге сәйкес, ол мас күйде болған. Сондай-ақ денесіндегі жарақаттарды өзі салғаны белгілі болды, ал қолындағы қан өзіне тиесілі екені анықталған.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық мән-жайын тексеріп жатыр. Тергеу нәтижесіне сәйкес, ер адамның әрекетіне құқықтық баға берілмек.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар