Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бірден көп нәрсе айтқым келді»: Ләйлә Сұлтанқызы ел күтпеген мәлімдеме жасады

14:28, 06 қазан 2026

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жаңа киножобада төбе көрсетіп, онда өзіне бұйырған кейіпкердің ерекшелігін бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.

Теледидар жұлдызының сөзіне сүйенсек, бұл фильмде ол өмір соққысын көп көрсе де, еңсесін түсірмейтін рухы биік әйелдің бейнесін кейіптейді.

Кинодағы бейнесі жайлы сыр шерткен Ләйлә Сұлтанқызы:

«Тағдыры бір жағынан ауыр. Екінші жағынан, бәрібір күрескер әйелдің рөлін сомдаймын. Махаббатынан кезінде айырылып қалған. Кейін өзінің махаббатын кездестірген кезде барлық махаббат оқиғалары есіне түседі. Тым эмоционалды болды», — деді.

Сонымен қатар ол түсірілім алаңындағы ішкі толқынысын жасырмай, режиссердің берген тапсырмасын да ашып айтты:

«Азаматтың маған айтқаны бар. Режиссердің маған қойған тапсырмасы да болды. “Ләйлә, Азамат келе жатқан кезде көз алдыңа Қайрекеңді елестетсең, саған жеңілірек болатын шығар”, – деді. Елестеткен кезде бірден көп нәрсе айтқым келді. Бірақ айтуға болмайды. Айтайын десең, ол адам қасыңда жоқ. Сол сәтті шынайы бере алдым деп ойлаймын».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар