Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Біраз қателестік...". Әнші Жазира Байырбекова жалғыз ұлының тойынан кейін шындығын айтты (ВИДЕО)

20:25, 04 сәуір 2026

Әнші Жазира Байырбекова жалғыз ұлының тойынан кейінгі «әттеген-ай» сәттерді айтып, әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады, деп жазады Alash.KZ.

Өнер иесінің айтуынша, той қонақтарының тізімінде бірнеше рет өзгеріс болған. Алайда ең соңғы жаңартылған нұсқа қолданылмай, ескі тізімдер кетіп қалған.

«Той біткен соң, екі күннен кейін барып барлық минустарды біліп жатырмыз. Қарасақ, тойға келетіндердің тізімі бірнеше рет жасалды. Ең соңғы, екі күн бұрын жасалған тізім кетпей, ескі тізімдер кетіп қалыпты. Координатордың қолында басқа тізім, “лэдта” басқа тізім.

Қонақтарды отырғызуда біраз қателестік. Біз қонақтар дұрыс отырғызылды ма деп алаңдап, тойдың қалай өткенін байқамай қалыппыз.

Той жасап жүргендер түсінеді. Әттегенайсыз той болмас», – деді Жазира Байырбекова.

Сондай-ақ әнші кейбір қонақтармен ортаға шығып билей алмағанының да себебін түсіндірген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

ХҚКО-лар жабыла ма?

21:02, 03 сәуір 2026