Қазақстандағы екі ірі саяси ұйым «Аманат» және «Әділет» партиялары ресми түрде бірікті, деп хабарлайды Alash.kz.
Астана қаласында өткен «Әділет» партиясының кезекті съезінде делегаттар «Amanat» партиясының «Әділет» партиясына қосылу туралы бастамасын бірауыздан қолдап, дауыс берді. Сондай-ақ саяси жиын барысында партияның өңірлік филиалдарының жұмысын реттейтін арнайы ереже бекітілді. Жиында сөз сөйлеген партия жетекшісі бұл қадамның тар саяси мүдделерді емес, жалпыұлттық мақсаттарды көздейтінін атап өтті.
«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай:
«Amanat партиясының Әdilet партиясына қосылуы — тар партиялық мүдделерден жоғары тұратын, ұлттық жауапкершілікке негізделген салмақты шешім. Бұл — қазақстандық қоғамның ел мүддесі үшін біріге алатынының нақты дәлелі. Бұл шешім қоғам, мемлекет және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершіліктен туындап отыр және елдің бірлігі мен әл-ауқатын нығайтуға бағытталған. Біз азаматтардың сенімін ақтап, әділеттілікті мемлекеттік жүйенің және дамудың негізіне, қажет болса ұлттық сананың бір бөлігіне айналдыруымыз керек. Дәл осы мақсатта Әdilet партиясы құрылған», — деп мәлімдеді.
Партия төрағасы съезд делегаттары мен барлық партия мүшелерін «Amanat»-тың «Әділет» құрамына енуін қолдауға шақырды, ал жиналғандар бұл ұсынысқа толықтай қолдау білдірді.