Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бір тиын төлеген жоқ. Жаз бойы осы әкімшілікке де келдік". Ақтөбе мердігерлерінің артында кім тұр?

15:37, 04 наурыз 2024 383

Ақтөбе облысында былтыр су шайған бөгетті жөндегендер ақысын ала алмай жүр. Тендер ұтқан компанияға техникаларын жалға беріп, өздері де жұмыс істеген. Бірақ бір жылдан бері мердігер көк тиын төлемепті. Бұл туралы КТК телеарнасы көрсетті.

Ернар Батырбеков, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

— Өзімнен жеке екі КамАЗ бергенмін. Содан үш ай бойы жұмыс істедік. Бір тиын төлеген жоқ. Соны қудалап отырғанымыз ғой. Жаз бойы осы әкімшілікке де келдік. «Беріледі» деген сөздер болды. «Тұра тұрыңдар, тұра тұрыңдар» деп, сонымен әлі келе жатырмыз.

Шенеуніктерден тағы қайыр бола ма деген үмітпен жұмысшылар облыс әкімдігінің алдына жиналды. Бірақ күтіп алып жол сілтер жан болмады. Былтыр Қобда ауылын қырдан аққан қызыл су басып, ауданда төтенше жағдай жариялаған. Елдімекен маңындағы көпірді тасқын шайып, шұғыл бөгетті қалпына келтіру керек болған. Оның тендерін «Казгидроспас» деген компания ұтып алыпты. Тұрғындардан техникаларды да жалға алған осы фирма. Басында «екі апта сайын ақы төлейміз» деп алдап, ақырында төбе көрсетпей кетеді. Алданған жұрт адал ақымызды сұрап бармаған жеріміз қалмады деп отыр. Ал Қобда ауданы әкімдігі бөгетті жөндеу жұмысын толық аяқтамады деп, басты мердігерді сотқа берген.

Ізгілік Тынымгереев, Қобда ауданының әкімі:

— Елу пайыз қаражат «Казгидроспас» мекемесіне аударылып, олар 34 пайызға жұмысын жүргізді. Сол кезде «Казгидроспас» мекемесі жеке кәсіпкерлермен келісімшартқа тұрып техникаларын жалдаған. Қазір келісімшарт бұзылды. Сот «Казгидроспас» мекемесімен жүргізіліп жатыр.


Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар