Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бір қателік жібердім бе? Қатты кінәладым…»: Әсел Сәдуақасова жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

09:24, 19 шілде 2026

Танымал актриса Әсел Сәдуақасова өміріндегі ең ауыр кезеңдердің бірі құрсағындағы шаранасынан айырылып, бастан кешкен жан күйзелісі туралы ашық айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

Өнер иесі журналист Тимур Балымбетовке берген сұхбатында жүктілігінің сәтсіз аяқталғанын мәлімдеп, қайғылы кезеңнің егжей-тегжейімен бөлісті. Актрисаның сөзіне қарағанда, ол сәуір айында құрсағына бала біткенін білген. Алайда жүктіліктің екінші скринингінен өту барысында дәрігерлер ұрықтың дамуында бірнеше күрделі ақаулардың бар екенін анықтап, жүктілікті мәжбүрлі түрде тоқтатуға кеңес берген.

Осы ретте Әсел Сәдуақасова сол кездегі ішкі арпалысын былай деп еске алды:

«Сәуір айында жүкті екенімді білдім. Екінші скрининг кезінде дәрігерлер баланың дамуында көптеген ақау бар екенін айтып, жүктілікті үзуге тура келетінін жеткізді. Сол кезде өзімді қатты кінәладым. «Бір нәрсені дұрыс істемедім бе, әлде бір қателік жібердім бе?» деген ой маза бермеді».

Сонымен қатар актриса басына түскен бұл ауыр сынақта жұбайының көрсеткен қолдауы өзіне үлкен демеу болғанын жасырмады. Ол қиын сәтте өмірлік серігінің жанынан табылып, қорған бола білгеніне ерекше шүкіршілік ететінін жеткізді.

«Сол кезде «Құдайым, осындай күйеуім барына шүкір» деп ойладым. Тіпті ол менен ажырасып кетеді ме деп қорықтым. Кейін оның да дәл сондай қорқынышты бастан өткергенін білдім», — деп ағынан жарылды өнер иесі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар