Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бір перзентханадан екіншісіне ауыстырып, салғырттық танытқан»: 31 жастағы алматылық келіншектің өліміне қатысты тың дерек шықты

15:22, 20 мамыр 2026

Алматыда ауруханадан ауруханаға тасымалданған 31 жастағы 7 айлық жүкті келіншек пен оның іштегі шаранасы дәрігерлердің дер кезінде көмектеспеуінен қайтыс болды. Марқұмның жақындары дәрігерлерді сараптамаларды шатастырып, уақыт созды деп айыптап отыр, деп жазады Alash.kz. 

Оқиға мамырдың 4-нен 5-не қараған түні басталған. Жүкті әйелдің жағдайы кенеттен нашарлап, Алматы іргесіндегі ГРЭС кентінің ауруханасына жеткізілген. Туыстарының айтуынша, ондағы кезекші дәрігерлер шұғыл шара қолданудың орнына, жай ғана капельница қойып уақыт өткізген. Одан кейін жақындары науқасты өздері қаладағы №4 перзентханаға апарған. Бірақ ол жерде де нақты ештеңе істемей, бірнеше сағат бойы УЗИ-ге түсіріп, сараптама алумен болған. Тіпті дәрігерлер не істерін білмей, басқа әріптестерімен телефон арқылы видеомен кеңескен көрінеді. Осы аралықта келіншектің халі мүлдем нашарлап кеткен.

Соңғы сәтте Аннаны №2 перзентханаға ауыстырып, оған шұғыл ота жасаған. Алайда ананың ішінде қатты қан кетіп қалғандықтан, сәбиді аман алып қалу мүмкін болмады. Отадан кейін ес-түзсіз күйде комаға түскен Анна 7 мамыр күні қайтыс болды. Қазіргі уақытта жауапты ведомство осы факті бойынша ішкі тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар