Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Бір отбасыны неге бұзасың?”: Актер Олжас Абай Дариға Бадықованың экс-күйеуіне жауап берді

20:04, 06 қазан 2025 770

Актер Олжас Абай Дариға Бадықованың экс-күйеуі Дархан Мұсаевтың даулы мәлімдемесіне жауап берді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

«Бір отбасыны неге бұзасың?» деген жандарға айтарым: Оу ағайын, өмірге реніші барлар, жаман сөз жазып, мені жерден алып жатқандарың орынды емес. Осы уақытқа дейін мен түскен киноларды көріп, «жарайсың» деп қошамет соғып, енді аяқ асты бір жақты ойланатын адамның “қызғанышына”  сеніп, менің өнерге деген ессіз сүйіспеншілігімді, адамға деген шынайы  қарым- қатынасымды жерге таптамаңдар!

Некедегі әйелге ажыраспай жатып, көз салатын мен не басында миы жоқ ессіз, есалаң дейсіңдер ме? Аңдамай сөйлегер деген бар қазақта. Басымнан біреудің фантазиясын асырып отыра алмайды екенмін. Әр нәрсенің соңы болады. Ешкім жауапсыз қалмайды. Ол адамның “жан жағын кінәләп берген”  сұхбаты адам алдында да, ар мен заң алдында да жауабы болады. 15 жылда 25-тен аса кинотуындыға түсіп, рекорд жасап, халықтың миллион қошаметіне бөленіп, Дариғадай мінезді актрисамен серіктес болып, жұмыс жасап, жетістікке қол созған мен - дәп сол жерден қателесіп қалмайтын шығармын. Басымды бала күннен тік көтеріп жүргенмін, ары қарай да жүре беремін.  Актер ұлдарыңыз, Олжас Абай!», – деп жазды ол.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар