АҚШ президенті Дональд Трамп 15 тамызда, Аляскада Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесетінін айтты, деп хабарлайды Alash.kz.
Тиісті жазба Truth Social әлеуметтік желісінде жарияланды.
"Америка Құрама Штаттарының Президенті мен Ресей президенті Владимир Путиннің көптен күткен кездесуі келесі жұмада, 2025 жылдың 15 тамызында ұлы Аляска штатында өтеді. Қосымша мәліметтер кейінірек хабарланады. Осы мәселеге назар аударғаныңыз үшін рақмет" деп жазды.
Осыдан біраз бұрын Трамп Ақ үйдегі журналистердің сұрақтарына жауап берді. Өз сөзінде Ресей мен Украина арасындағы ықтимал бейбітшілік келісімі белгілі бір "территорияларды айырбастау" арқылы шешілуі мүмкін деп айтты.
"Қос елдің игілігі үшін кейбір аумақтарды алмасады... Біз бір нәрсені қайтарамыз, айырбастаймыз", - деді президент.
Алайда "территорияларды айырбастау" туралы нақты сөздің таяу арада талқыға түсетінін жеткізді.