Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бір күндік ләззатқа, шектен шығуға, ұятсыздық пен азғындыққа жетелейді". Мүфтият Валентин күнін тойламаңдар деп айтты

16:15, 14 ақпан 2026

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әулие Валентин күнінің ислам дінімен де, ұлттық дәстүрмен де байланысы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлады Alash.kz ұлттық порталы.

Басқарма өкілдерінің пікірінше, бұл мереке жастар арасында тұрақсыз қарым-қатынасты және моральдық құндылықтарға қайшы әрекеттерді насихаттайды.

“Әулие Валентин күні біздің дінімізге де, дәстүрімізге де қатысы жоқ. Бұл күн мәңгілік махаббатқа емес, бір күндік ләззатқа, шектен шығуға, ұятсыздық пен азғындыққа жетелейді”, – деп жауап берді мүфтият.

Мүфтияттың хабарлауынша, аталған күн шынайы әрі жауапкершілікке негізделген махаббатты емес, өткінші сезім мен шектен шығуды дәріптейді. Сондықтан діни басқарма бұл мерекені қолдамайтынын білдірді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар