Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Бір күнде 400 адамға жұққан” - Көрші елде коронавирустың жаңа түрі тарады

10:17, 25 тамыз 2025 604

Ресейде коронавирустың жаңа түрі – “Стратус” тіркеліп, қысқа уақыт ішінде тез тарап жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.
Денсаулық сақтау органдарының мәліметінше, соңғы бір тәуліктің өзінде ғана 400-ге жуық адамнан осы індеттің белгілері анықталған. Науқастардың басым бөлігі, яғни жартысынан көбі Мәскеуде тіркелген.

“Стратус” ең алдымен егде жастағы адамдарға қауіпті. Сондай-ақ өкпенің созылмалы ауруы бар немесе қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға қатты әсер етуі мүмкін. Ресей аумағында бұл штамның алғашқы жағдайы биыл 24 сәуірде тіркелген еді.

Дәрігерлердің айтуынша, вирустың негізгі белгілеріне жөтел, дауыстың қарлығуы, мұрынның бітелуі, қатты шаршау және бас ауруы жатады. Мамандар жаңа штамм тез жұғатынын атап өтсе де, көп жағдайда ауыр асқынуларға әкелмейтінін мәлімдеді.

Эпидемиологтар тұрғындарға алдын алу шараларын ескеруді, ауру белгілері байқалған жағдайда өз бетінше емделмей, дәрігерге жүгінуді ескертуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар