Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Бір күнде 20 әуе соққысы” - Израиль Йемен президент сарайының күлін көкке ұшырды (ВИДЕО)

19:15, 24 тамыз 2025 552

Израиль әскери-әуе күштері Йемен аумағына ауқымды әуе шабуылын жасады, деп мәлімдейді Alash.kz.
Шабуылдың басты нысанасы президент сарайы болды. Бұдан бөлек, Израиль әскері электр станцияларына, зымыран базаларына және хуситтердің жоғары лауазымды өкілдері тұратын үйлерге зымырандар бағыттаған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, соққы салдарынан 10-нан астам бейбіт тұрғын зардап шеккен. Қанша адамның қаза тапқаны әзірге нақтыланбаған. Құтқару қызметтері мен дәрігерлер қираған ғимараттардың астында қалғандарды іздестіру жұмыстарын жалғастыруда.

Әскери сарапшылардың айтуынша, бір тәуліктің ішінде Израиль әскери-әуе күштері кем дегенде 20 әуе соққысын жүзеге асырған. Бұл аймақтағы жағдайдың одан әрі ушығуына әкелуі мүмкін деген пікірлер айтылуда.

Йемендегі шиеленіс соңғы айларда одан сайын күшейіп, хуситтер мен Израиль арасындағы қарулы қақтығыстар жиілеп келеді. Сарапшылардың болжамынша, бұл жағдай Таяу Шығыстағы жалпы тұрақсыздықты тереңдетіп, жаңа қақтығыстарға жол ашуы ықтимал.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар