Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева мен оның отбасы Кан қаласында (Франция) өткен кеште көзге түсті. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы Qazaq today басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Видео Telegram-арналардың біріне жарияланды. Онда Дариға Назарбаева, ұлы Нұрәлі Әлиев пен оның әйелі Аида Әлиева, балалары Лаура, Амира мен Аланның Кан қаласындағы қымбат іс-шарада жүргенін көруге болады.
Ашық дереккөздердің мәліметінше, бұл шараға қатысудың өзі арзан емес. Кешке қатысамын деушілер екі адамға 33 мың еуро немесе 17,5 миллион теңге төлеуі керек.
Шарада әулеттің 6 адамы жүр. Осылайша, Назарбаевтың қызы, жиен немерелері мен шөберелері бір шараға қатысудың өзіне 52,6 миллион теңге берген болуы мүмкін.
Кан қаласындағы Knights of Charity Gala қайырымдылық шарасы Château de La Croix des Gardes in Cannes жекежайында өткен.
Кеш ұйымдастырушысы – голливуд жұлдызы Шэрон Стоун.
Қайырымдылық шарасы Монаконың қазіргі кінәзі Grace Kelly құрметіне ұйымдастырылған.