Әлеуметтік желі қолданушысы қызының байқауда көлік ұтып алғанына бір жыл өтсе де, уәде етілген жүлденің әлі күнге дейін табысталмағанын айтып, көпшіліктен көмек сұрады, деп хабарлайды Alash.kz.
Оның сөзінше, бұл ұтыс ойынын осыдан бір жыл бұрын танымал тележүргізуші Аша Матай мен блогер Камила Саян өткізіп, оның қызын жеңімпаз ретінде ресми түрде хабарлаған. Алайда уақыт созылғанымен, бас жүлде иесіне берілмеген. Жанұшырған ана желіде:
«Қызым көлік ұтып алды. Бір жыл өтті. Көлік қайда? Өтінемін, осы видеоны қарап шығыңыздар. Бұл жерде өздеріңіз менің қызымды жеңімпаз деп жариялап, оған көлік ұтып алғанын хабарлағансыздар. Арада бір жыл өтті, бірақ қызымның көлігі әлі күнге дейін табысталған жоқ. Неге? Не болды? Қызым көлігін қашан алады? Мен бұл мәселені жанжал шығару үшін жариялап отырған жоқпын. Қарапайым әрі нақты жауап алғым келеді», — деп мәлімдеді.
Бұл оқиға әлеуметтік желіде тез тарап, оқырмандар арасында үлкен ашу-заң тудырды. Жазба астында пікір қалдырған желі қолданушылары ұйымдастырушылардың әрекетіне наразылық білдіріп, мәселенің тез арада шешілуін талап етуде.