Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бір жарым жыл қатты жатып қалдым, сөйлеп, жүре алмадым: Қанат Әлжапбаров өз жағдайымен бөлісті

09:41, 10 қыркүйек 2024 1432

Танымал актер Қанат Әлжапбаров 38 жыл бұрынғы болған өз әзіл-оқиғасымен бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

“100 пайыз бақытты болу мүмкін емес қой негізі. Есімнен кетпейтін жағдай бар. Бір жарым жылдай қатты жатып қалдым. Жүре алмадым, сөйлей алмадым. Қатты қиын болды. Ол кезде жанымда ағайын да, дос та болған жоқ. Сол кезде жанымда тек анам болды, күні-түні қасымда анам жүрді. Білесіз бе, мен тіпті өз еркіммен қолымды көтеріп, тамақ іше алмай қалдым. Қолым жыбырлайды, бірақ, тамақ жей алмаймын, тісім жоқ. Сонда анам 2 жылдай мені емізді. Бір жарым жасымда еңбектеп бастадым, 2 жасымды жүріп бастадым, 6 жасымда мектепке бардым. Міне, 40 жасқа келдім, сол оқиғаның болғанына 38 жыл өтіпті», – деп әзілдеді актер.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар