Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бір істі бастасам, аяғына дейін жеткізбей қоймаймын". Меруерт Түсіпбаева әріптесі Майра Ілиясова екеуінің не себепті ренжісіп қалғанын айтты

20:53, 19 наурыз 2026

Қазақстандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева әріптесі Майра Ілиясовамен арадағы салқындықтың себебін алғаш рет ашық айтып, бұл туралы Alash.kz хабарлады.

Өнер иесі «Әңгіме бар» подкастында өткен жағдайды еске алып, өз ұстанымын түсіндірген. Оның айтуынша, араларында түсініспеушілік туындап, сол сәтте ол өз принципінен айнымай, мәселені соңына дейін жеткізуге бел буған.

«Өмір болған соң түрлі жағдай болады. Мен де принципке бекініп қалдым. Негізі Майра апай өте жұмсақ адам. Бірақ мен бір істі бастасам, аяғына дейін жеткізбей қоймаймын. Сөзден гөрі іске жақынмын. Оның үстіне, іште қалған мәселені түйіндегім келді», — деді Меруерт Түсіпбаева.

Сондай-ақ ол сол кездегі әрекеттері көпшілікке дөрекі көрінуі мүмкін екенін де жасырмады.

«Бәлкім, біреулерге жағымсыз көрінген шығармын. Бірақ менің көздегенім басқа еді», — деді әнші.

Подкаст барысында Меруерт Түсіпбаева әріптесінен кешірім сұрағысы келетінін де жеткізді.

«Өмір қысқа. Майра апайдың жасы үлкен. Осы подкаст арқылы одан кешірім сұрағым келеді», — деді ол.

Әншінің сөзінше, дау-дамайдың негізгі себебі – халықтан жиналған қаражаттың есебіне қатысты сұрақ болған. Алайда бұл мәселе дұрыс түсінілмей қалған.

«Мен тек жиналған қаржының есебін сұрадым. Бірақ ол кісі оны басқаша қабылдаған сияқты», — деп түсіндірді әнші.

Қазір Меруерт Түсіпбаева бұл жағдайға сабырмен қарап, өткенге өкпе сақтамайтынын атап өтті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар