Танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы олимпиада чемпионы Елдос Сметовке тіл тигізді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Ол Елдос Сметовтың дін туралы айтылған сөздеріне шүйлікті.
"Журналист мамандығын алғанымда ұстазым Камал Смайловқа: «Ақиқатты ғана жазамын. Қарапайым халықтың сөзін сөйлеймін» деп серт бергенмін. Осы уәдемде тұру парызым!
Менің міндетім — Қазақ деген ұлтымды сақтап қалу!
Бір алтын әкелді екен деп, мыңдаған баланың балағын қысқартып, сақалын ұзартып, ертеңгі күні өз халқыма қарсы шығартып ала алмайды екенмін!
Қай-қайсыңа да айтарым осы: Елдің алдында жүрсің бе? Тыныш жүр уағызыңды айтпай, жастардың санасын әсіредінмен уламай! Әншісің бе? Әніңді айт!
Спортшысың ба? Жаттықтыр!», — деп жазды журналист.