Әнші Бүркіт отбасы тақырыбын қозғап, бірнеше әйел алуға қатысты пікірін білдірді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
"Бір әйелді қарық қылып алыңдаршы. Бір әйелді бақытты қылу ол да үлкен іс. Қазақтың санын көбейту деген әңгімелер өтірік сөз. Баланың саны көп, сапасы жоқ болғанынан не пайда? Баланы тәрбиелеу керек. Таңнан кешке дейін бірге болып, көңіл бөліп, сабағын оқыту керек", - деді әнші.