Имам Нұрлан Байжігітұлы жастардың білім қуып, ғылым игеруі керектігі жөнінде жазба жариялады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
"….Кімнің қашан демалатынын менде жақсы білемін. Сөз төркінін түсінбей, біреудің айыбын ашам деп, шаң болып жүрген аяқты қазақтың болашағы мен тәрбиелі ұрпағы үшін шаршатса жөн еді. Кей адамдардың міндеттері тіміскіленіп, айып пен кемшілік іздеуге ауысып кеткендей…
Артымыздан ерген болашақ ұрпаққа береріміз бір - бірімізді шұқылап, айыптап, өзара ғаламтор бетінде пікірлер арқылы таластыру, шағыстыру, түбі сол надандық болып тұрғандай…
Бүгінгі жастар оқуы керек! Білім мен ғылым жолы - болашақтың жолы, ата - бабамыз аңсаған жол, Құдайға жаққан нағыз сауапты жол осы!
Дана Абай атамыздың "Біздің қазақты оңдырмай жүрген бір қуаныш пен бір жұбаныш бар. Оның қуанышы - елде бір жаманды тауып, я бір адамның өзі қылмаған жаманшылығы шықса, оған қуанады. Айтады: Құдай пәленшеден сақтасын, о да адаммын деп жүр ғой, оның қасында біз сәулелі кісінің бірі емеспіз бе, оған қарағанда мен таза кісі емеспін бе?" - дейді…
Шәкәрім Құдайбердіұлы атамыз бүгінгі күйімізді сезгендей:
Адалға орын емес қазақ іші,
Тәтті ғұмыр сүре алмас таза кісі.
Өзін асырар қазақтың өнері жоқ,
Бірін - бірі талайды бар жұмысы - деген екен.Әрбір сөздің астары бар білген адамға. Иманды ұрпақты тәрбиелеу үшін білімді ұрпақ тәрбиелеуіміз керек, - деп жазды Нұрлан имам.