Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Билеті жоқ оқушыны автобустан түсіріп тастағандар қалай жазаланады

11:06, 21 ақпан 2024 414
Мәжіліс отысында депутат Қарақат Әбден оқу-ағарту вице-министрі заң нормалары қалай жүзеге асырылатынын сұрады.
«Ата-аналардың балаларының іс-әрекетіне жауапкершілігін күшейту мақсатында Әкімшілік құқықбұзушылық кодекске ата-аналарға жауаптылық беру қарастырылып отыр. Жұмыс тобында ол талқыланып жатыр. Сондай-ақ ірі қалаларда балаларды автобустан түсіріп кету жағдайлары бар. Кішкентай баланың ақшасы жетпей қалуы мүмкін. Бірақ оның артында балалардың тоңып қалуы, қараңғыда өзге де қатерге ұшырауы мүмкін. Осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында арнайы норма енгізіліп отыр. Министрлік бұл заңнаманы қолдайды. Бұл жерде жауапкершілік автобус жүргізушісі мен кондукторға қатысты болады», - деді Еділ Оспан.

Өз кезегінде Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха бұл норма 14 жасқа дейінгі балаларға қатысты қолданылатынын айтты.
«Бұл бап осындай оқиғалардың жиі қайталануының алдын алады. Буллинг бойынша кішігірім жағдайлар мектеп пен мұғалімдер кеңесінде шешіледі. Ал ірі, ауқымды жағдайлар болса, әкімшілік жауапкершілікті қарастырамыз. Бұл – қоғамның сұранысы. Себебі көптеген құқық қорғау ұйымдары, ата-аналар өз балаларына қатысты замандастарынан буллингке ұшырайтынын айтады. Сондықтан бұл тенденция  да қажет және жағымсыз фактілердің алдын алуда жұмыс істейді деп ойлаймыз», - деді Игорь Лепеха.

Айта кетсек, осыған дейін бірқатар өңірде аязды күні автобустан оқушыны түсіріп тастаған деректер кездесті.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар