Бибісара Асаубаева «Жылдың үздік шахматшысы» атағына үміткер атанды, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) тағайындайтын FIDE Excellence Awards сыйлығының «Жылдың үздік шахматшысы» номинациясы бойынша үміткерлердің қатарына енді.
22 жастағы спортшы әлемнің ең үздік он шахматшысының қысқа тізіміне енгізілді.
Үміткерлерді іріктеу барысында олардың 2024 жылдың қыркүйегі мен 2026 жылдың тамызы аралығындағы халықаралық жарыстардағы жетістіктері ескерілген.
Бұл беделді марапатқа Бибісарамен қатар қазіргі әлем чемпионы Қытай өкілі Цзюй Вэньцзюнь, әлемнің вице-чемпионы Александра Горячкина, Әлем кубогының жеңімпазы үндістандық Дивья Дешмух, бұрынғы әлем чемпионы Тань Чжунъи және өзге де танымал шахматшылар ұсынылған.
Өткен маусымда қазақстандық шахматшы бірқатар маңызды жетістікке қол жеткізді.