Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Берденовке жасалған қастандық 3,4 млрд теңгеге байланысты болуы мүмкін – дереккөз

12:06, 24 сәуір 2025 641

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық 3,4 млрд теңгеге байланысты болуы мүмкін, деп хабарлайды Alash.kz Bes.Media-ға сілтеме жасап.

Қала әкімдігі мен Respublica партиясындағы дереккөздердің мәліметінше, бұл қаражат көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу үшін бюджеттен бөлінген. Аталған қаржыны “Тұрғын үй Шымкент” ЖШС иеленген, ал компанияны күдікті Ернар Жиенбай басқарады.

Қастандық жасалардан он күн бұрын әкімдікте өткен жиында Жиенбай агрессивті мінез танытып, залдан шығарылған. Осы оқиғадан кейін оны басшылық қызметінен босату мәселесі көтерілген.

Компания 2024–2026 жылдарға арналған 3,4 млрд теңгені тендер өткізбей алған. Дереккөздердің айтуынша, бұл қаражат Жиенбай тарапынан мақсатсыз жұмсалған немесе жымқырылған болуы мүмкін. Қазіргі уақытта қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, қала әкімі Руслан Берденовті құрылыс саласындағы тәртіпті реттеу мақсатында орынбасар етіп тағайындаған болатын.

Еске салайық, 21 сәуір кешкісін әкімдік ғимаратының жанында Руслан Берденовке оқ атылып, ол жарақат алған. Қылмысқа күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар