Бір жылға жуық уақыттан бері туған анасын іздеп жүрген, бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібектің биологиялық анасына қатысты жаңа мәлімет шықты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы inbusiness.kz сайтына сілтеп.
Мұндай ақпарды белгілі журналист Қымбат Досжан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазып жариялады.
"20 жыл бұрын қылмыс жасап, баланы шетелге сатқан "адамның" мектепте білім беруге құқы бар ма?
Мыңдаған долларға сатып жіберген қарагөздер түсіне кірмей ме екен?
Президент "Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңына қол қойды", - деп жазды ол өзінің парақшасында.