Атақты америкалық актер әрі жекпе-жек шебері Чак Норрис 86 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұл туралы оның отбасы 20 наурыз күні әлеуметтік желі арқылы хабарлаған. Мәліметке сәйкес, ол бейсенбі күні таңертең Гавай аралдарында, нақтырақ айтқанда Кауаи аралында қайтыс болған. Бұған дейін БАҚ-та актердің белгісіз себеппен ауруханаға түскені жөнінде ақпарат тараған еді.

Отбасы мүшелері оның өмірден тыныш жағдайда, жақындарының ортасында өткенін жеткізді.
«Көпшілік үшін ол жекпе-жек шебері, актер және күш-қуаттың символы болды. Ал біз үшін – адал жар, қамқор әке мен ата, ардақты бауыр және отбасымыздың тірегі еді», – делінген мәлімдемеде.
Актердің неден көз жұмғаны нақты айтылған жоқ.
Чак Норристің қазасына байланысты әлемнің түкпір-түкпірінен танымал тұлғалар, соның ішінде Жан-Клод Ван Дамм мен Дональд Трамп көңіл айтып, оның өнері мен тұлғасына құрмет білдірді.