Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Белгілі композитор Арман Дүйсеновтің ұлы Абылай Арманұлының өліміне қатысты тың мәлімет шықты

14:17, 08 тамыз 2026

Белгілі композитор Арман Дүйсеновтің ұлы Абылай Арманұлының өліміне қатысты жаңа мәліметтер айтылды, деп жазды Alash.kz.

Марқұмның анасы Айсұлу Айданқызының сөзінше, сот-медициналық сараптама нәтижесінде Абылайдың өзіне-өзі қол жұмсауы мүмкін емес деген қорытынды жасалған.

Сонымен қатар ол ұлының достары Абылайға қомақты көлемде ақша қарыз болғанын мәлімдеді. Осыған байланысты марқұмның анасы оның өліміне қатысты бірқатар күмәні бар екенін айтып отыр.

Айсұлу Айданқызы ұлының қазасына қатысты мән-жайлардың толық әрі жан-жақты зерттелуін қалайтынын жеткізді. 

- Олар ақшамды қайтарыңдар деп күнделікті жаза тұра, тамыздан бастап жазба өшірілген, - деді анасы.

Марқұмның анасы өзінің күмәні мен ұлының өліміне қатысты басқа да мәліметтерді толық сұхбат барысында айтатыны хабарланды.

Сұхбат бүгін сағат 19:00-де YouTube арнасында жарияланбақ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар