Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Белгілі жазушы Дулат Исабеков өмірден озды

00:03, 22 ақпан 2025 294

Белгілі жазушы, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабеков 83 жасында өмірден өтті. Қаралы хабарды Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов жеткізді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Қайран, Дулат ағам - ай, мынау жарық дүниеден Сіздің де кеткеніңіз бе? Осы қазір ғана, он - он бес  минут бұрын Естияр Дулатұлы інішегім маған осынау алапат қайғылы хабарды жылап тұрып жеткізді. Қазақстан Жазушылар одағының Төрағасы Мереке Әбдешұлына, қалабасының төңірегіндегі жігіттерге,  басқа да ел ағаларына қаралы хабарды жеткіздім. Қазір өзім ағамның үйіне қарай кетіп бара жатырмын... Иә, Қазақстанның Еңбек Ері, қазақ әдебиетінің классигі, жазушы-драматург Дулат Исабеков өмірден өтті. Қазақ халқына қатты қайғырып көңіл айтамын, - деп жазды ол.

Бұған дейін әлеуметтік желіде жазушының денсаулығы сыр беріп, ауыр халде жатқаны туралы ақпарат тараған еді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар